RU

Оралда мейрамхана маңындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Төбелес
Видеодан кадр: БҚО ДП

Оралда полицейлер жаппай төбелестің жолын кесті. Ішімдік пен есірткіге мас болған жастар өздерін тым агрессивті ұстаған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Анықталғандай, төбелес 7 қыркүйек күні түнгі бір шамасында болған. Оқиға жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Соның көмегімен полицейлер Жүнісов көшесінде орналасқан мейрамхана дереу келген.

"Белгісіз біреулер бұзақылық жасап, 25 жастағы ер адамға дене жарақатын салған. Полиция төбелестің алдын алды. Жасырынбақ болған 24, 27 және 28 жастағы үш ер адам ұсталды. Тағы 27 жастағы жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылса да, рөлге отырғаны анықталды. Сараптама нәтижесі оның ішімдік пен есірткіге мас екенін көрсетті", - дейді БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Мөлдір Садырғалиева.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ал жүргізуші Қылмыстық кодекстің 346-бабы, 1-бөлігі (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамның мас күйде көлік құралын басқаруы) бойынша жауапқа тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932627-oralda-meiramxana-manyndagy-zappai-tobeles-videoga-tusip-qaldy/