Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пермь университетіндегі атыс: Аудиторияда тығылып отырған студенттердің видеосы тарады

Опубликовано:

Ресейде
Оқиға орнынан фото: t.me/tv360

Пермь мемлекеттік университетінде атыс болып, салдарынан бірнеше адам көз жұмды. Зардап шеккендер де бар. Желіде оқиғаның видеосы тарады.

Видео 112 Telegram арнасында жарияланды. Кадрдан студенттердің аудиториядағы столдың астына тығылып жатқанын байқауға болады.

Соңғы ресми мәліметтерге сүйенсек, Пермь университетінде болған атыстан 8 адам қаза тауып, 24 адам жараланған.

Сонымен қатар, жоғарғы оқу орнының аумағында оқ жаудырған күдіктінің де қолға түскені хабарланды. 18 жастағы жігіт ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Оның Пермь мемлекеттік университетінде оқығаны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Пермь мемлекеттік университетінде атыс болғанын хабарлаған едік.

Кейбір студенттер ғимараттағы терезе арқылы сыртқа шығып үлгерсе, енді бірі аудиторияларға тығылған. Атыс кезінде травматикалық қару қолданылған. Оқиға куәгерлері қолына қару алып ғимаратқа қарай бет алған ер адамды видеоға түсіріп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1932916-perm-universitetindegi-atys-auditoriyada-tygylyp-otyrgan-studentterdin-videosy-tarady/

pixel