Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайық өзенінің арнасы құрғап жатыр ма: Экология министрлігі жауап берді

Жарияланған күні:

Жайық
Фото: atr.kz

Желіде Атырау қаласынан 25 шақырым қашықтықта Жайық өзенінің арнасы құрғап жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа қатысты түсініктемені Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өз сайтында жария етті.

Министрлік ақпаратына сәйкес, еліміздегі интернет ресурстардың бірінде Атырау қаласынан 25 шақырым қашықтықта Жайық өзенінің арнасы тартылып жатқанына қатысты материалдар жарияланған.

Осыған байланысты, Cу ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының өкілдері Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, БАҚ материалдарында көрсетілген орынды тексергенін мәлімдеді.

"Бұл жер шоғырлану-қуғындау құбылыстарының әсер ету аймағында екендігі анықталды. 2021 жылғы 19-20 қыркүйекте өзеннің осы учаскесінде солтүстік-батыс бағытта жел байқалды, бұл Каспий теңізі деңгейінің ауытқуына әсер етті және соның салдарынан осы учаскеде Жайық өзені арнасында аралдардың пайда болуына әкеп соқты. Бүгінгі таңда өзеннің осы учаскесіндегі жел оңтүстік-батыс бағытта соғуда, осыған байланысты су кері қайтып, пайда болған аралдар су астында қалып жатыр", - дейді министрлікте.

Құзырлы мекеме соңғы жылдары Жайық өзенінің бассейнінде ұзақ уақыт бойы су таязданып жатқанын атап өтті.

"Январцево гидробекетінің шекаралық тұстамасында байқалған ағын орташа көп жылдық ағын кезіндегі 8,14 км3 көрсеткішін есепке алғанда 3,5-5,5 км3 құрады, бұл оның орташа көп жылдық мәнімен салыстырғанда екі есе азайғанын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Министрлік, осы орайда, Жайық өзенінің негізгі ағысының 80% Ресей Федерациясының аумағында қалыптасатынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933294-zaiyq-ozeninin-arnasy-qurgap-zatyr-ma-ekologiya-ministrligi-zauap-berdi/