RU

Семейде 21 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

Сарыби Нұртасұлы
Сарыби Нұртасұлы. Фото: instagram.com/volontery_semey_lider.kz

Семейде бір ай бұрын үйінен шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған 21 жастағы Сарыби Нұртасұлы іздестіріліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еріктілердің мәліметінше, 19 тамызда Семей қаласының 21 жастағы тұрғыны Сарыби Нұртасұлы үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен, содан бері одан хабар жоқ.

Жігіттің белгілері: бойы – 175-180 см, көзі қоңыр, шашы қара, төменгі ернінің оң жағында тыртық бар, көзілдірік киген. Жоғалған күні үстінде ашық көк түсті футболка, қара түсті трико, аяғында кеды болған.

Сөмкесі мен жеке куәлігі өзінде болған.

ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 27 тамызда әйел адам Семей қаласындағы полиция басқармасының "102" жедел орталығына хабарласып, 2000 жылы туған ұлы Сарыби Нұртасұлын іздеуге көмектесуді сұраған.

Негізі жігіттің анасы тәртіп сақшыларына оның үйден 19-ы емес, 22 тамызда шығып кеткенін хабарлаған. Жас жігіттің қайда екені әлі күнге дейін белгісіз.

Қазіргі таңда Семей қаласының полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізуде.

Полиция Сарыби Нұртасұлы жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз "102" нөміріне хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында 15 жастағы Аягөз Сағындыққызы Қапезованың іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Жасөспірім үстінде сұр түсті күртеше, көк түсті джинсы, аяғында қызыл түсті кроссовка және өзімен бірге "Samsung" маркалы ұялы телефоны, қара түсті рюкзак болған.

Бойы 160-170 см, дене бітімі орташа, қара шашты, қоңыр көзді, денесінде ерекше белгілері жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933337-semeide-21-zastagy-zigit-izdestirilip-zatyr/