RU

Жамбылда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

1
Видеодан кадр: polisia.kz

Жамбылда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, өртке оранған деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйек түнгі сағат 23:15 шамасында Жуалы ауданының Момышұлы және Қошқарата тас жолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөліктері соқтығысты. Соқтығысудан кейін автокөліктер өртке оранды. Салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

ЗИЛ-130 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық істер жөніндегі кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933768-zambylda-zil-men-zenil-kolik-soqtygysyp-eki-adam-koz-zumdy/