RU

Оралда екі тұрғын үйде өрт болып, 17 адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер28
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оралда екі көпқабатты үйде өрт болып, 17 адам эвакуацияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 қазан күні болды. Сағат 16.02-де Гагарин көшесі 105/2-мекенжайында орналасқан төрт қабатты үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Тұрғын үйдің 26-пәтерінде асүйде жиһаз бен жеке заттар отқа оранды. Оқиға орнынан 9 адам шығарылды, оның төртеуі - балалар.

Аталған пәтер иесі - әйел адам құтқарылды. Өрт департамент күшімен (7 қызметкер, 2 техника) 16.25-те сөндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935133-oralda-eki-turgyn-uide-ort-bolyp-17-adam-evakuaciyalandy/