Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем бойынша Facebook, WhatsApp және Instagram жұмысы істен шықты

Опубликовано:

Желілер
Фото: pixabay.com

Facebook, Instagram желілері мен WhatsApp қосымшасында әлем бойынша ақау пайда болды. Бұл туралы интернет-ресурстардың жұмысын бақылайтын DownDetector сайтында хабарланды.

4 қазан күні кешке қазақстандықтар Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне және WhatsApp мессенджеріне кіре алмай отырғандарына шағымданды.

Қолданушылар аталмыш желілердің web-нұсқалары да, қосымшалары да жұмыс істемейтінін айтып отыр.

Интернет-ресурстардың жұмысын бақылайтын DownDetector сайты бұл қызметтердің істен шығуы әлемдік ауқымда тіркеліп отырғанын хабарлады.

Атап айтқанда, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа да елдердің қолданушылары ақауларға шағымдануда.

Ақау себептері әлі хабарланған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1935346-alem-boiynsa-facebook-whatsapp-zane-instagram-zumys-istemei-qaldy/

pixel