Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Қар тазалау сәті
Көрнекі фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаменті 6 қазанда қалада ауа райының қолайсыз болуына байланысты тұрғындарға үндеу жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылы 6 қазанда түнде және таңертең тұман және көктайғақ күтілетінін хабарлайды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты ведомство қала тұрғындары мен қонақтарына бірнеше ережені сақтауға кеңес берді.

Көктайғақ кезінде:

  • биік өкшелерден бас тартып, жай табаны бар тайғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;
  • жолдың жүру бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және жүгірмеңіз;
  • көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
  • мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл құлау мүмкіндігін арттырады;
  • аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды "шалшықты" айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен жеңіл адыммен жүріңіз;

Естеріңізде болсын: әсіресе арқамен, бетпен құлау қауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға қаралыңыз.

Тұман болған жағдайда:

  • жүргізушілер қатты тежеуден аулақ болу керек. Егер жолға шығуыңыз керек болса, тұман аймағында жылдамдықты едәуір төмендету керек, ал егер жолдағы көріну екі метрден аспаса, қозғалысты тоқтатып, тоқтау ұсынылады. Сондай — ақ міндетті түрде габариттік оттарды қосу жәнежылдам жасалатын маневрлер- орын ауыстыру және басып озулардан аулақ болу қажет;
  • жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде ғана өту ұсынылады;
  • сақ болыңыз, ауа-райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалаңыз.

Сонымен бірге, ведомство төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне қоңырау шалу керек екенін айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935526-nur-sultan-totense-zagdailar-departamenti-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/