Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қаза болған балалардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі

Опубликовано:

Өрт
Кадр: ТЖМ

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өрттен қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады деп жазады BAQ.KZ.

"Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты, қаза болған бүлдіршіндердің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл - үлкен қасірет. Қаза тапқан балалардың отбасыларына Атырау облысы әкімдігі тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады", - делінген көңіл айту жедел хатында.

Естеріңізге сала кетейік, Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған 3 баланың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 техника, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды.

Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өрттенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1935721-atyrauda-qaza-bolgan-balalardyn-otbasylaryna-materialdyq-komek-korsetiledi/

pixel