Алматылық дәрігерлер 68 жастағы науқастың аяғын кесуден сақтап қалды
Жарияланған күні:
Алматыда дәрігерлер 68 жастағы тұрғынның аяғын кесуден аман алып қалды. Сол аяғының қатты ауырсынуына шағымданған науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскен деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер пациентке бірнеше диагноз қойған.
Атап айтқанда, аяғының қан тамырларының тарылу атеросклерозы, сол жағынан жамбас тамырларының үстінің окклюзиясы, сол жақ аяғының 4-сатыдағы созылмалы ишемиясы.
"Ауру аяқтағы қан айналымының күрделі жетіспеушілігіне әкеледі, науқастарды қатты азапқа түсіріп, адам өз бетімен жүре алмай қалады. Өкінішке қарай, пациенттердің көбі аяғы ауырғанда оны жас ерекшелігіне байланысты бұлшық еттің жай ғана әлсізденуі деп ойлайды немесе ауруды аяқ сіңірінің түйілуі секілді көк тамырдағы проблемаға ұқсатады. Осылайша, медициналық көмекке жүгінуді артқа шегіндіріп тамырының зақымдану сатысын тереңдете түспек. Мұндай жағдайда пациенттің жамбасынан бастап аяғын кесу қаупі төніп тұрды, оған шұғыл операция жасауға мәжбүр болдық" ,-дейді қан тамырлары жүйесінің хирургы Сұлтан Ілеев.
Дәрігердің айтуынша, мұндай диагноздың көпке созылуы аяқтың іріңдеп кетуі себебінен кесіп тастауына әкеп соғады. Кесіп тастау қаупі жоғары болған кезде өлім деңгейі 25%-ға өседі.
Осымен қатар, пациенттердің 50% «критикалық ишемия» деген диагноздан соң аяғын кеспеген жағдайдың өзінде жыл аралығында қайтыс болады.
"Пациентке тент және баллонды ангиопластик қойылды. Бұл операция шағын инвазивті (аз жарақатты) саналады және қан тамырына үлкен операция жасаудан аман алып қалады, сондай-ақ, оның бітеліп қалғанында созылмалы тамыр жетіспеушілігінің орын алуына жол бермейді" ,- дейді дәрігер.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы. Оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935864-almatylyq-darigerler-68-zastagy-nauqastyn-ayagyn-kesuden-saqtap-qaldy/