Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК мамандары 10 қазанда арналған ауа райы болжамын ұсынып, бірқатар өңірде дауылды ескету жариялады.
10 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ болады. 10-12 қазанда облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түседі. 10-12 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз 10, түнде 11 қазанда екпіні 25 м/с күтіледі.
10 қазанда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936268-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/