Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер өткелінің жанында ер адамды қағып өлтірді (фото)

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда кеше түнде адам өліміне әкеп соққан жол апаты болды. 1995 жылы туған ер адамды жеңіл көлік қағып кетті. Ол қайтыс болды деп жазады Zakon.kz.

Қайғылы оқиға әл-Фараби даңғылында, Меңдіқұлов көшесінің қиылысында болды. Peugeot 308 көлігі әл-Фараби даңғылының бойымен батысқа қарай жүре келе жатқан. Көліктер легімен жүрген жүргізуші жолға адам шығады деп ойламаған.

Басылым жазғандай, 1995 жылы туған ер адам көлік жолына шығып кетіп, зулаған көліктердің бірін өткізіп, бірінің алдынан жүгіріп өтпекші болған. Франциялық жеңіл көліктің жүргізушісі жылдам әрекет жасауға үлгермей, жас жігітті қағады.

Жаяу жүргінші қатты соққыдан жол шетіне ұшып түскен, деп хабарлайды тілшілер. Оның үстіне, жерде жатқан ер адамды басқа көліктер де басып кете жаздады.

Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тез арада жеткен дәрігерлер өлім туралы хабарлады.

Басылым тілшілері атап өткендей, қайғылы оқиға жаяу жүргіншілер өткеліне жақын жерде болған.

Оқиға салдарынан жолда кептеліс пайда болып, полицейлер бірнеше жолақты жауып тастады.

Оқиға орны
Фото: zakon.kz

Оқиға орны
Фото: zakon.kz

Оқиға орны
Фото: zakon.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936805-almatyda-zenil-kolik-zayau-zurginsiler-otkelinin-zanynda-er-adamdy-qagyp-oltirdi-foto/

pixel