Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзіне 54 млн теңге аударған: Атырауда білім басқармасы басшысының орынбасары сотталды

Опубликовано:

Толғанай Көлбаева
Толғанай Көлбаева. Фото: gov.kz

Атырау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары 54 млн теңге жымқырған. Келіншек сот алдында жауап беріп, оған үкім оқылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тергеу барысында 2015 жылдың 11 ақпанынан 2020 жылдың 30 желтоқсаны аралығында Толғанай Көлбаева мен қылмыстық қудалау жеке өндіріске бөлінген айыпталушы екеуі адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы электрондық есепке алу кілтімен қазынашылық клиенттерінің бағдарламасын пайдалана отырып, негізсіз қаражат аударғаны анықталды.

Осы ретте олар туыстары мен таныстарының карталарын пайдаланған.

Атырау облыстық сотының ақпаратынша, осының салдарынан мемлекетке 111 млн теңгеден астам шығын келген.

Ал білім басқармасы басшысының экс-орынбасары 54 млн теңгені иемденген. Сот барысында айыпталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, келтірілген шығынды өтеген.

"Сот Көлбаеваны Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қылмыстық кодекстің 74-бабы, 1-бөлігі негізінде сотталушының кішкентай балалары болуына байланысты тағайындалған жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегеріледі", - деді сот.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936981-ozine-54-mln-tenge-audargan-atyrauda-bilim-basqarmasy-bassysynyn-orynbasary-sottaldy/

pixel