Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суық үйде аш отырған: Павлодар облысында келіншек екі қызын тастап кетті

Опубликовано:

Әйел
Фото: tumba.kz: UGC

Павлодар облысында әйел екі қызын үйге тастап, кетіп қалған деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аудандық полициясына жергілікті мектеп мұғалімдері жүгінген. Олар бір отбасынан шыққан екі оқушы бірнеше күн себепсіз сабаққа қатыспағанын айтқан. Полиция қызметкерлері тез арада жанұяны тексеруге барады, алайда үйде ешкім жоқ болып шығады.

Тәртіп сақшылары үйде тұратын келіншектің жесір екенін және белгісіз бағытта кетіп, 7 және 10 жастағы қыздарын үйде жалғыз қалдырғанын анықтады. Үйде тамақ болмаған, пеш жағылмай, үй қатты салқындап кеткен. Кешке анасын күтуден үміт үзіп, қарны ашып, қатты тоңған балалар ағасына қоңырау шалып, анасының жоғалып кеткенін айтқан. Туысы оларды үйіне алып кеткен. Сөзінше, келіншек үш күн бойы байланысқа шықпаған.

"Біз қыздардың анасының орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті шараны бастадық. Іздеу нәтижесінде әйел Ақсу қаласындағы досының пәтерінен табылды. Ол мас күйде болды", – деп түсіндірді Павлодар облысы Успен аудандық ювеналды полициясының аға инспекторы Дамира Букаева.

Сондай-ақ, ол кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін осы азаматшаға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалғанын атап өтті.

Материал сотқа жіберілді. Келіншектің мінез-құлқы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен де қаралады.

Полиция бұған дейін отбасы Ақсу қаласында тұрғанын, 2020 жылдың ақпан айында қыздардың анасы полицияның назарына іліккенін хабарлады. Атап айтқанда, келіншек үйінен кетіп, балаларын бірнеше күнге жалғыз қалдырып, сол үшін ӘҚБтК 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сотта әйел балаларын алып кетпеуін өтініп, жұмысқа орналасуға және балаларды ендігәрі қалдырмауға уәде берген еді. Көп ұзамай әйел қыздарының тәрбиесімен айналыса бастаған. Ол жұмыс жұмыс істеп, жаңа ауданға көшкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938308-suyq-uide-as-otyrgan-pavlodar-oblysynda-kelinsek-eki-qyzyn-tastap-ketip-qalgan/

pixel