Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда қылмыстық топтың ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: Атырау облысының полиция департаменті

Атырауда полиция қызметкерлері құрылысшыларды тонаған қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 10 қазанда таңғы сағат 03.30 шамасында белгісіз біреулер алдын ала сөз байласу арқылы Атырау қаласындағы "Нұрсая" шағын ауданында салынып жатқан үйлердің бірінің екінші қабатында ұйықтап жатқан құрылысшылардың ақшасы мен заттарын ұрлап кеткен.

Осыдан кейін олардың барлығы қылмыс орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 414 мың теңгені құраған.

Қарақшылар мұнымен тоқтап қалмай, сол түні сағат 04.00 шамасында ғимараттардың бірінен басқа құрылысшылардың бағалы заттары мен ұялы телефондарын ұрлап кеткен. Мұндағы келтірілген шығын 240 мың теңгеге бағаланып отыр.

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде 26 мен 31 жас аралығындағы 4 күдіктіні анықтап, ұстаған.

Қазір аталымыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер өз кінәсын толықтай мойындап отыр, олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939158-atyrauda-qylmystyq-toptyn-ustalgan-sati-videoga-tusip-qalgan/

pixel