Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында тұрғын қызын 17 жігіт зорлағанын айтып, полицияға арыз түсірген

Жарияланған күні:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны қызын 17 ер адамның зорлағанын айтып, полицияға арызданған. Бұл жайттың мән-жайын Түркістан облыстық полиция департаменті айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданында қызды зорлаған 17 ер адам туралы ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты айтарымыз - биыл 25 мамырда полицияға Сарыағаш ауданының тұрғыны арызданған. Онда әйел өзінің 17 жастағы қызын ұрлап кеткенін хабарлаған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 125-бабына сай "Адам ұрлау" фактісі ретінде тіркелді", - деп хабардар етті құзырлы орган.

Әйелдің арызынан соң полиция қызметкерлі 2004 жылы туған қыздың жұмысқа кетіп, содан әрі жоғалып кеткенін анықтаған.

"Осыған байланысты полиция барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді, нәтижесінде ол бір тәулік ішінде табылып, ата-анасына қайтарылды. Бір аптадан кейін, яғни 31 мамырда әйел полицияға ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы нотариалды куәландырылған өтінішпен жүгінді", - деп қосты ведомство.

Алайда араға аз уақыт салып 10 маусымда ауыл тұрғыны қайтадан полицияға жүгінген.

Бұл жолы ол қызын 17 ер адам зорлады деп арызданған.

"Арыз қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, сараптама тағайындалды. Сот-медициналық сараптама қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды. Сонымен қатар, жәбірленушінің анасы қызының киімдерін өртеп жібергені анықталды. Осыған байланысты сарапшылар экспертиза жүргізе алмады", - дейді Түркістан облыстық полиция департаменті.

Сондай-ақ, ведомство аталмыш факті бойынша бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті.

"Сараптамалар кешені тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - дейді құзырлы орган.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939846-turkistan-oblysynda-turgyn-qyzyn-17-zigit-zorlaganyn-aityp-policiyaga-aryz-tusirdi/