RU

Түркістан облысында ата-анасына көмектеспек болған 18 жастағы қыз жоғалып кетті

қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында ата-анасына көмектеспек болған 18 жастағы қыз жоғалып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, Мақтаарал аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген.

Ол 18 жастағы қызы сағат 16:00 шамасында аудан орталығындағы жұмысына барып келемін деп үйінен шығып, қайта оралмағанын мәлімдейді.

Полиция қызметкерлері жасөспірімді толық құрамда қызды іздеуге кіріседі. Олар таныстарының үйін толық аралап, жақын құрбыларынан сұрастыру жұмыстарын жүргізеді.

Нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталған.

Бойжеткен Алматы қаласынан табылып, ата-анасына аман-есен табысталды.

Полиция қызметкерлері жасөспірім қыз жұмыс істеп, ақша таппақ болғанын анықтады. Ол осылайша ата-анасына көмек бергісі келген.

Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанған анасы полицейлерге алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939938-turkistan-oblysynda-ata-anasyna-komektespek-bolgan-18-zastagy-qyz-zogalyp-ketti/