Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында ауылдастар атысып, бір адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Атырау облысының Сағыз ауылында ауылдастар арасында атыс болды. Салдарынан 6 адам жарақат алып, оның біреуі қаза тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға 30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Атырау – Ақтөбе тасжолының 331-шақырымында тіркелді. 5 адам атыс қаруынан зардап шексе, 1 адам соққыдан дене жарақатын алған.

Тағы бір азамат сол ауылдың амбулаториялық ауруханасында қайтыс болды. Оқиға орнына тез арада Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.  

"Жағдайлары бірқалыпты ауыр. Науқастардың екеуіне де бастың ашық жарақаты, мидың ауыр дәрежелі соққы алуы диагнозы қойылды, бір науқаста қосымша сол көзінің ауыр жарақаты бар. Қазіргі кездегі науқастардың емделу мерзімі мен болашаққа болжам айту өте қиын", – деді облыстық аурухананың нейрохирург дәрігері Еркін Ербөлеков.

Шағын ғана ауылдағы жайсыз жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Өткен жылдың шілде айында да жаппай төбелес салдарынан пышақ жарақатымен тағы бір тұрғын бақилық болған. Адам өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталыпты.

Ал бұл төбелестің себебі енді анықталуда. Қазір Сағыз ауылында тұрғындар тыныштығы 24 сағат күзетке алынған.  

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2 бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда оқиға орнында, яғни Қызылқоға ауданында департаменттің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940093-atyrau-oblysynda-auyldastar-atysyp-bir-adam-qaza-tapty/