Балалардағы тұмау несімен қауіпті және одан қалай қорғауға болады
Жарияланған күні:
Суық ауа райының басталуымен тұмау ең көп таралған аурулардың біріне айналады. Оның үстіне балаларда ол ересектерге қарағанда қауіпті өтуі ықтимал, өйткені асқынулардың туындау қаупі жоғары, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Педиатр, инфекционист, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиеваның сөзінше, балалардағы тұмау - ең көп таралған маусымдық аурулардың бірі.
"Тұмау - бұл вирустық ауру, тұмау вирусы жыл сайын дерлік өзгеріп отырады және оған тұрақты иммунитетті дамыту мүмкін емес. Көбінесе тұмау адамнан адамға ауа тамшыларымен беріледі - сіздің балаңыздың жанында біреудің түшкіруі жеткілікті. Бірақ бұл вирус тұрмыстық жолмен де берілуі мүмкін", - деді дәрігер.
Ол тұмау жұқтырған сәттен бастап симптомдар пайда болғанға дейін екі сағаттан 5-6 күнге дейін созылуы мүмкін екенін айтты.
Тұмаудың басқа вирустық инфекциялардан басты айырмашылығы-мұрынның ағуы мен әлсіз жөтел сияқты белгілер.
"Тұмаудың басталуы әрдайым ауыр жүреді, температура 38-39 градусқа дейін көтеріледі. Интоксикация белгілері айқын көрінеді: тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, әлсіздік, қозғалғысы келмеуі, бас ауруы, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, жүрек айну және құсу, диарея (әсіресе жас балаларда)", - деп түсіндірді Ләззат Ералиева.
Емдеу кезінде дұрыс режимді қамтамасыз ету маңызды. Бала жақсы желдетілетін бөлмеде және жылы төсекте болуы қажет. Бұндай жағдайда күшпен тамақтандыруға болмайды, дейді педиатр.
Тамақ жеңіл және ақуызға бай болуы керек. Сұйық көп ішу керек, оның ішінде жылы шөп шайлары, жеміс сусындары, компоттар, су рұқсат етіледі.
Температура көтерілген жағдайда-ыстықты түсіретін препараттар беру керек, баланы бөлме температурасында сумен сүртуге болады. Мұрыннан су ақса мұрынға арналған препараттарды қолданған дұрыс.
"Тұмау асқынса өте қауіпті, оның ішінде: пневмония, энцефалит, бұлшықет аурулары, отит, ринит, синусит, бронхит. Вируспен байланысты мүлдем болдырмау мүмкін емес. Сондықтан алдын-алу шаралары баланы оқшаулауға емес, аурудың ықтималдығын азайтуға және баланың иммундық жүйесін нығайтуға бағытталуы керек. Тұмауға қарсы вакцинация жыл сайын күзде, эпидемия маусымы басталғанға дейін жасалады, өйткені толық иммунитетті дамыту үшін кем дегенде 2-3 апта өту керек. Созылмалы аурулардың өршуі кезінде, немесе ауырып жүрген кезде вакцинация жасауға болмайды", - деді Ләззат Ералиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940411-balalardagy-tumau-nesimen-qauipti-zane-odan-qalai-qorgauga-bolady/