RU

Ақмола облысында өрт сөндіру кезінде зейнеткердің мәйіті табылды (видео)

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы Макинск қаласында өрт кезінде бір әйел көз жұмды деп хабарлайды аймақтық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланғандай, сейсенбі, 2 қараша күні сағат 16.05-те "101" телефонына Куйбышев көшесіндегі тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына ТЖД күштері 7 қызметкер мен 1 бірлік техника шықты.

Өрт сөндірушілер ТЖ орнына келгенде, пәтердегі үй заттары мен жиһаздар ашық жалынмен жанып кеткен. Өртті сөндіру барысында ас үйден пәтер иесі, 1937 жылы туған әйелдің денесі табылды.

Өрт сағат 16.19-да ауыздықталып, сағат 16.30-да толық сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады.

Өрттің себептері мен шығыны анықталуда.

Ақмола облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940443-aqmola-oblysynda-ort-sondiru-kezinde-zeinetkerdin-maiiti-tabyldy-video/