Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Корея халқы аштықтан аман қалу үшін аққу етін жеуге мәжбүр болып отыр

Жарияланған күні:

Қара аққу
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Корея аштықтан аман қалу үшін елдің шығысындағы ең ірі Kwangpho Duck фермаларының бірінде өсіріле бастаған қара аққулардың етін пайдалануды көздеп отыр, деп хабарлайды Lenta.ru.

КХДР билігі қара аққуды өсіру адамдардың өмір сүру деңгейін жақсартады және оларды аштықтан құтқарады деп үміттенеді. Шенеуніктер құс еті емдік қасиетке ие және дәмді деп санайды.

Солтүстік Кореяның ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі қара аққудың етінде басқа өнімдерге қарағанда ақуыз көп екенін айтады. Одан бөлек, құс еті оңай сіңеді және қатерлі ісікке қарсы әсері бар.

Солтүстік Корея қара аққуларды өнеркәсіптік деңгейде өсіруді 2019 жылдың көктемінен бастап жоспарлаған еді.

Кейіннен Ким Чен Ын халқына 2025 жылы Қытаймен шекара ашылғанға дейін тамақты аз тұтынуға тура келетінін айтқан болатын.

Алайда халық бұған шағымданып, тамақ өнімдерінің жетіспеушілігінен бірнеше жыл емес, бір қыстың өзінен аман шығу қиынға соғатынын айтқан еді.

Осыдан кейін КХДР билігі қара аққуды өсіру туралы нақты шешім қабылдады.

Айта кетейік, КХДР коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Қытаймен шекарасын 2020 жылдың қаңтар айында жауып тастаған еді. Елдің оқшаулануы экономикаға айтарлықтай әсер етті: елде тауарлар бағасы бірден қымбаттады.

БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының бағалауы бойынша, 2021 жылы Солтүстік Кореяда шамамен 860 тонна азық-түлік жетіспеген.

КХДР үкіметі болса, бұл құлдырауға оларға қарсы енгізілген санкциялар, табиғи апаттар мен коронавирус пандемиясын кінәләп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940575-soltustik-koreya-xalqy-astyqtan-aman-qalu-usin-aqqu-etin-zeuge-mazbur-bolyp-otyr/