Түркістан қаласы әкімдігінде бөлім басшысының орынбасары ұсталды
Жарияланған күні:
Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникация басқармасы басшысының орынбасарын қамауға алуға санкция берілді. Шенеунікке бопсалау арқылы ірі көлемде пара алды деген айып тағылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясына сілтеме жасап.
Сот санкциясында көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеу қызметі тергеушісінің 50 жастағы Нұрлан Жаманкөзге қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды.
Ол осыған дейін Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникация бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша (Пара алу) айыпталуда.
"Жаманкөз лауазымды тұлға бола тұра кәсіпкердің пайдасына көмектесіп, оған жалпы қолдау білдіргені үшін 1,1 миллион теңге көлемінде пара алған", – делінген тергеушінің айыптауында.
Мемлекеттік қызметкер 1 қарашада ұсталғаны атап өтілген.
3 қарашада Түркістанның тергеу соты оны екі айға қамауға алу туралы санкция берген. Сотталушының қорғаушысы күдіктіні кепілдікпен босатуды сұрайды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940821-turkistan-qalasy-akimdiginde-bolim-bassysynyn-orynbasary-ustaldy/