Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда елді дүрліктірген жойқын жарылысқа қатысты ресми дерек пайда болды

Жарияланған күні:

Ақтаудағы жарылыс
Фото: Азамат Сарсенбаев/Facebook

Ақтаудағы жойқын жарылыстың мән-жайы анықталды. Төтенше жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Бекболат Әбдіқадыров пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әбдіқадыровтың айтуынша, Маңғыстау облысы ТЖД ДЖББ жедел кезекшісіне жарылыс туралы ақпарат 7 қараша күні сағат 22:25-те түскен.

Белгілі болғандай, жарылыс екі қабатты "Шерқала" кешенінде (кешенде арнайы киім дүкені, автобөлшектер, мейрамхана, сауна, техникалық қызмет көрсету станциясы, қоймалар бар) болған.

Айта кетейік бұған дейін жарлыстың 29А ықшамауданда орналасқан "Аянат" кафесінен шыққаны айтылған болатын.

"Шерқала" кешенінің 1-қабатында орналасқан асханада жарылыс болды. Салдарынан кешен ішінара бұзылды. Оқыс оқиға болған жердің аумағы 200 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыстың себебі анықталуда. Қазіргі уақытта оқиға орнында үйінділерді талдау жұмыстары жүргізілуде", - деді өңірлік ТЖД бастығының міндетін атқарушы.

Ведомство өкілінің дерегінше, жол полициясы қызметкерлері арнайы техника (эвакуатор) көмегімен 10 көлікті эвакуациялаған. Сағат 22:35-те облыс әкімінің басшылығы жедел штаб құрған.

"Ақтау қаласы әкімінің шешімімен қоқыс жинау үшін Мұнайлы ауданы, Баянды кентінен 30 шақырым жерде қоқыс полигоны ұйымдастырылды, "Көктем" МКК күшімен жарылыстан қираған қоқыстар шығарылуда. Полиция қызметкерлері белгіленген учаскені қоршауға алды.

Жарылыс орнында ТЖД (11 бірлік техника және 70 қызметкер, оның ішінде 1 кинологиялық есеп), "АМО" ММ (3 қызметкер және 1 бірлік техника), ПД (150 қызметкер және 26 бірлік техника), "ҚазТрансГазАймақ" АҚ (15 қызметкер және 1 бірлік техника), "АУЭС" ШЖҚ МКК (8 қызметкер және 2 бірлік техника), "МРЭК" АҚ (3 қызметкер және 1 бірлік техника), МИО (6 қызметкер және 3 бірлік техника) жұмыс істеп жатыр", - деді Әбдіқадыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1940998-aqtaudagy-zoiqyn-zarylysqa-qatysty-resmi-derek-paida-boldy/