Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 900-ге дейін азайды

Жарияланған күні:

дәрігер-ханым11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде эпидемиологиялық ахуалға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 8 қарашада 909 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған, деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 109
  • Алматы қаласы - 79
  • Шымкент қаласы - 16
  • Ақмола облысы - 76
  • Ақтөбе облысы - 4
  • Алматы облысы - 61
  • Атырау облысы - 9
  • Шығыс Қазақстан облысы - 50
  • Жамбыл облысы - 15
  • Батыс Қазақстан облысы - 10
  • Қарағанды облысы - 109
  • Қостанай облысы - 83
  • Қызылорда облысы - 7
  • Маңғыстау облысы - 3
  • Павлодар облысы - 133
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 135
  • Түркістан облысы - 10.

Айта кетейік, Қазақстанда бұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 22 маусымда тіркелеген болатын. Ол кезде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 943-ке дейін төмендеген еді.

Қазір жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 950 539-ге жетіп отыр.

Одан бөлек, өткен тәулікте 1 991 адам ауруынан жазылып шыққан.

9 қарашадағы жағдай бойынша, 39 705 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 7 317 пациент стационарда, 32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

520 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941210-qazaqstanda-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-900-ge-deiin-azaidy/