"Айына миллион төлеу керек": Отандық журналист телеарна үшін аз ақшаға жұмыс істемейтінін айтты
Жарияланған күні:
Белгілі отандық журналист Айдос Игіліков көпшілік күтпеген мәлімдеме жасады. Ол өзінің тәжірибесін алға тарта отырып, телеарнада қызмет ету үшін қомақты жалақы талап етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдос Игіліков көптеген республикалық телеарналарда қызмет еткен. Бүгінде ол Түркістан облысында мемлекеттік қызметкер атанды. Қазіргі қымбатшылық пен халықтың жағдайын есепке алған ол көптеген жұмыс орындары жалақыны көтеру керек деп есептейді.
"Қазір бәрі қымбаттады. Бұрынғы бағаға ештеңе сатып алу мүмкін емес. Қолданыстағы заттардың бағасы көтерілгенімен, көптеген жұмыс орындары жалақыны арттыруға асығар емес. Бұл дұрыс емес. Нарықтағы баға көтерілген соң тұрғындардың да айлығын көтеру қажет. Әйтпесе, әр отбасыны асырап отырған адамдарға оңай емес", - дейді ол.
Сондай-ақ, Айдос Игіліков өзі телеарналарға жұмысқа тұраты болса, миллион теңге көлемінде айлық сұрайтынын жасырған жоқ.
"Мен өзім жұмысқа тұратын болсам, әсіресе, телеарнада қызмет ететін болсам, айына бір миллион жалақы сұраймын. Өйткені, оған тәжірибем де, күшім де, әлеуетім де жетеді. Біз өз деңгейімізді сыйлап, өз еңбегімізді жоғары бағалай білуіміз керек. Көптеген әріптестерімізге осындай батылдық жетпей жатыр. Телеарна миллион төлемесе, саусағымның ұшын да қимылдатпаймын. Одан да, жүз мың теңгеге мемлекеттік жұмыс істеп жүргенім жақсы", - дейді ол.
Айта кетелік, Айдос Игіліков қалың көрерменге "Қалаулым" тоу-шоуы арқылы танылған болатын. Сондай-ақ, ол "Кел, татуласайық" жобасында да жұмыс істеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941226-aiyna-million-toleu-kerek-otandyq-zurnalist-telearna-bassylaryna-erekse-talap-qoidy/