Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем ренжімейтін шығар": Тележүргізуші Оксана Лоскутова төлқұжатын ауыстырып, қазақтың тегін алды

Жарияланған күні:

Оксана
Фото: Instagram/oxana_aubakirova

Республикалық арналарда мемлекеттік тілде жаңалық жүргізген Оксана Лоскутова күйеуінің тегіне өткенін хабарлады. Журналист өзінің Facebook парақшасында бұдан былай Аубакирова болатынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оксана Лоскутова бұл шешімді ұзақ ойланып, қабылдағанын айтады.

"Айтпақшы, Аубакирова болдық. Ұзақ ойланып, осындай шешімге келдім. Әкем ренжімейтін шығар. Лоскутова фамилиясы абыройлы болды. Енді өз жұртыма қызмет етейін", - деп жазды ол.

Тележүргізуші Instagram парақшасында бір жыл бұрын тұрмысқа шыққанын жазған. Сондай-ақ, ол желіде жұбайын таныстырды.

"Жолдасым – Арман. Қазақтың қарапайым жігіті. Сурет қыз бен жігіт күнімізден. Азаматымның жаны таза, ақкөңіл, қолы ашық, аузын ашса, көмекейі көрінеді. Сол себепті оған бірден сендім", - дейді Оксана.

Айта кетейік, Оксана 1980 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Әкесі - орыс ұлтынан, анасы - қазақ.

Он бірінші сыныпты Павлодардағы орыс мектебінен бітірген. Одан соң Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. Оксананың мамандығы - қазақ тілі филологы. Сонымен қатар, тележүргізуші "Тұран-Астана" университетінің магистратурасын" жергілікті және мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша оқып шыққан.

Оксана университет қабырғасында жүріп тіл білу қабілетін қазақ әдебиетін оқып, аударып, сөздерді жаттау арқылы дамытқан. БАҚ-қа берген сұхбаттарында Оксана өзін орыстан шыққан қазақ қызымын деп санайтынын айтады.

Ол біраз жыл аймақтық және республикалық телеарналарда жүргізуші, кейіннен телевизия саласынан кетіп, мемлекеттік маңызы бар мекемелер мен ұйымдардың баспасөз қызметіне жауапты маман болған.

Соңғы жылдары Орталық коммуникациялар қызметінде, Бас прокуратурада ресми өкіл қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941231-akem-renzimeitin-sygar-telezurgizusi-oksana-loskutova-tolquzatyn-auystyryp-qazaqtyn-tegin-aldy/