Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы "Абай" шахтасында қаза тапқан 5 кенші жер қойнына тапсырылды

Жарияланған күні:

Шахта
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында қаза тапқан 5 кенші жерленді. Ертең тағы бір шахташымен қоштасу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абай қаласында шахтада метанның таралуынан қаза тапқан кеншілермен қоштасу рәсімі өтті. Оның ішіндегі ең жасы - 31 жаста, ең үлкені - 53-те еді.

"Бұл - бәріміз үшін орны толмас қайғы. Біз бүгін бауырларымыз бен ұлдарымызды жерлеп жатырмыз. Мен 71 жастамын, бірақ өкінішке қарай, жас жігіттермен қоштасуға келіп тұрмын. Біздің жұмысымыз өте қауіпті. Мұндай қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін емес. Шахтада жұмыс істейтіндердің бәрі біздің жұмысымыз аса қауіпті екенін біледі", - дейді ардагер кенші Виктор Казаков.

"АрселорМиттал Теміртау" бас директоры қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары компаниядан толық моральдық және материалдық қолдау алатынына сендірді.

"Біз отбасыларға көмек көрсету үшін әр үйелменге жауапты тұлғаларды тағайындадық. Біз сондай-ақ зардап шеккендерге қамқорлық жасаймыз. Оларға медициналық және басқа да көмек көрсетеміз. Комиссия жұмыс істейді. Біз болған оқиғаны тергеу барысында комиссияға жан-жақты қолдау көрсетеміз. Мемлекеттік комиссияның тергеуі аяқталғанға дейін бізге ішкі тергеу жүргізуге рұқсат жоқ", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наир.

Сондай-ақ компания басшылығы қаза тапқандардың балалары мен отбасыларына оқу ақысын төлеу және несиелерін өтеу бойынша көмек көрсетуге міндеттеледі.

"Оқуға қатысты бізде 20 жасқа дейін университетте оқуға қаражат беру туралы міндеттеме бар. Мәселе қазір талқыланып жатыр. Әр отбасына жерлеу, қонақ асын ұйымдастыру сияқты барлық міндеттермен айналысатын маман тағайындалады. Компания олардың несиесін өтеуді өз мойнына алады. Компания қаза тапқандардың отбасына он жылдық жалақы төлеу бойынша міндеттеме алды", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Әлішер Әбенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941374-qaragandydagy-abai-saxtasynda-qaza-tapqan-5-kensi-zer-qoinyna-tapsyryldy/