Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың адвокаты: Өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймыз

Жарияланған күні:

Аяулым Еділова
Аяулым Еділова. Фото: Аяулым Еділованың әлеуметтік желідегі парақшасы

Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы өтті, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қалалық соттың хабарлауынша, атышулы істі судья Еркін Майшынов қараған. Отырыста прокурорлар айыптау актісін оқыған, бір куәгерден жауап алынған. Сонымен қатар, марқұмның туыс әпкесінің пікірі тыңдалған.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Қадыржан Ғалымжанұлы сот процесіне дейін айыпталушы жақтан ешкім келмеді, күдіктінің өзі кешірім сұрамады, дейді. Ол күдіктіні қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру қажет деп отыр.

"Адам өлтіргені үшін максималды жаза 20 жыл болса, адам зорлағаны үшін 12 жыл. Біздің қылмыстық кодексте бір тәртіп бар. Егер барлық қосылған қылмыстың жауапкершілік санаты 25 жылдан асатын болса, оған 25 жыл беріледі немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Жеке басым өмір бойына бас бостандығынан сұраймын",- деді қорғаушы.

Қадыржан Ғалымжанұлының айтуынша, атышулы іс шамамен 1 жылдай қаралады. Ендігі сот отырысы 3 желтоқсанда өтеді.

Айта кетейік, дүйім елді дүр сілкіндірген оқиға жарты жыл бұрын болған. 19 жастағы Аяжан кешкі уақытта жұмыстан шығып, үйіне қайта оралмаған.

Араға екі күн салып оның бөлшектелген денесі қаладағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерден табылған. Күдікті ретінде Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

Автор: Ә. Лесбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941394-ayazan-edilovanyn-advokaty-omir-boiyna-bas-bostandygynan-aiyrudy-suraimyz/