Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелінің көзіне шөп салғанын білген": Туған күндегі қанды оқиғаға қатысты дерек шықты

Жарияланған күні:

Балта1
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы облысындағы қанды оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Тәртіп сақшылары 32 жастағы Алматы тұрғынын ұстады. Полицейлердің айтуынша, ол әйелінің көзіне шөп салғанын білген бойда оның көңілдесін балталап тастаған деген күдікке ілінді деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға Қырғауылды елдімекенінде марқұмның үйінде болыпты.

32 жастағы ер адам досын туған күнімен құттықтауға келген. Мерекелік дастарханда алматылық жігіт әйелінің опасыздық жасағанын күтпеген жерден біліп қалып, 36 жастағы туған күн иесіне шабуылдаған деп күдіктелуде.  

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Алайда дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмаған.

Ер адам есін жимастан қайтыс болды. Ал бірден қолға түскен күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстық іс қозғалды.

"Алматы қаласының 32 жастағы тұрғыны адам өлтіргенін мойындады. Қылмыс құралы – балта тәркіленіп, іске заттай айғақ ретінде қосылды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Күдікті 2014 жылы сотталған болып шықты. Ол кезде де адам өлтірген, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Бұл оқиға ауыл тұрғындарын есеңгіретіп тастаған. Олардың айтуынша, Қырғауылдыда мұндай трагедия алғаш рет болып отыр.

"Бүгінге дейін біздің ауыл тыныш болатын. Мұнда көптен бері тұрамын, мұндай жағдай болған емес", - дейді Қасымхан Естемесов.
"Жастарымыз өте тәрбиелі. Спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін тұтынбайды. Яғни, олардың бір жерде темекі шегіп тұрғанын көрмейсің", - дейді Анна Нұрлыбекова.

Күдікті "Адам өлтіру" бабы бойынша он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941431-aielinin-sop-salganyn-bilip-qalgan-tugan-kundegi-qandy-oqigaga-qatysty-zana-derek-syqty/