RU

Қазақстанда жұмыртқаның неліктен қымбаттағаны белгілі болды

Жұмыртқа
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында елімізде неліктен жұмыртқаның қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның cөзінше, қазанда айлық инфляция 0,7 пайызды құраған.

Инфляция азық-түліктің бағасына да әсер етпей қоймапты.

"Жаңа өскен көкөніс бағасы маусымдық 5,5 пайызға (үлес - 0,3 пайыздық тармақ) және жұмыртқаның бағасы 7,2 пайызға өсуі салдарынан азық-түлік инфляциясы 0,7 пайызға жетті. Қияр мен қызанақтың бағасы 22 пайызға қымбаттаған. Құс фабрикаларында өндіріс көлемінің қысқаруынан, жем құнының артуынан, сондай-ақ 2022 жылдан бастап субсидияларды алып тастау ықтималдығынан жұмыртқаның бағасы өсті, - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасы инфляция соңғы 6 айда алғашқы рет өсімін тоқтатып, 8,9 пайыз деңгейінде сақталғанын жеткізді.

"Жылдық инфляция азық-түлік бағасының 11,5 пайыздан 11,3 пайызға дейін баяулауы аясында соңғы 6 айда алғашқы рет өсімін тоқтатып, 8,9 пайыз деңгейінде сақталды. Бұл ретте азық-түлікке жатпайтын инфляция 7,5 пайыздан 7,8 пайызға дейін, ақылы көрсетілетін қызмет инфляциясы 6,8 пайыздан 6,9 пайызға дейін арттты, - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941505-qazaqstanda-zumyrtqanyn-nelikten-qymbattagany-belgili-boldy/