Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Диетолог дәрумендерді қабылдаудағы бес қателікті атады

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік диетолог және эндокринолог дәрігер Анастасия Тараско адамдар дәрумендерді таңдағанда және қабылдағанда жіберетін бес негізгі қателігін атады. Мамандардың кеңесін "Вечерний Москва" жариялады.

Тарасконың айтуынша, бірінші қателік – адамдардың витаминдердің маңызын түсінбейді, оның үстіне олардың қарсы көрсетілімдері бар екенін түсінбейді. Оның пікірінше, көбінесе адамдар дәруменді мамандардың кеңесінсіз профилактикалық дозадан асатын мөлшерде қабылдайды.

Дәрігер екінші қателікті адамдар көптеген дәруменді олардың үйлесімін сұрамай, жүйесіз қабылдайды деп түсіндірді.

"Мысалы, адам ағзасында темір тапшылығы бар делік, оның орнын кешенді дәрумендердің көмегімен толтыру мүмкін емес. Темірдің сіңуін жақсарту үшін С витаминімен қоса қабылдау керек. Темірді басқа микроэлементтермен араластырмаңыз. Мысалы, кальциймен немесе магниймен", – деді диетолог.

Сонымен қатар, маман әртүрлі дәруменді әр уақытта ішу керегін еске салды. Мысалы, С және D дәрумендері қыста қажет, бірақ жазда көкөністер мен жемістер көп тұтынсаңыз, медициналық көрсеткіш болмаса, үзіліс жасауға болады.

Тарасконың айтуынша, үшінші қателік – өздерінде әртүрлі жағымсыз белгілер пайда болса, адамдар витаминдерді өздігімен "тағайындап алады".

"Егер ағзада қандай да бір жүйеден шағымдар болса, алдымен дәрігерге барып, тексерілген дұрыс. Аллергиясы бар адамдар, жүкті және бала емізетін әйелдер де дәрумен ішуде абай болу керек", – деді дәрігер.

Маманның пікірінше, төртінші қателік көптеген адам өздеріне қажетті дәрумендердің барлығын тағамнан алуға болады деп есептейді. Бұл адам толық сау болған кезде, ас қорыту проблемалары болмағанда және ол тек табиғи таза өнімдерін жеген кезде ғана мүмкін болады. Сонымен қатар, D дәрумені тапшылығын тамақпен толтыру мүмкін емес.

Бесінші қателік – адамдар отандық өндірушілерге сенім артпайды, дейді дәрігер. Ашытылған немесе табиғи сығындылардан алынған витаминдердің жаңа түрлері жақсы сіңеді және шетелден келеді, бірақ жергілікті аналогтар да жаман емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941690-dietolog-darumenderdi-qabyldaudagy-bes-qatelikti-atady/