Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

81 жастағы шымкенттік қария Меккеге теуіп барған велосипедін мұражайға тапсырды

Жарияланған күні:

велосипед
Фото: ernur.kz

Әлемнің біраз елін аралаған жиһанкез Кеңесбек Сейдімбек Түркістан облысы Ордабасы ауданында қонақта болды. Қарт жиһанкез 65 жыл бойы жанына серік еткен велосипедін Темірландағы Қажымұқан музейіне өткізді деп хабарлайды Ernur.kz порталы.

Басылымның жазуынша, Темірландағы Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі ұжымы 81 жастағы атақты саяхатшымен кездесу өткізіп, спортты насихаттап жүрген ақсақалға құрмет көрсеткен.

Іс-шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылған.

Кездесуде Кеңесбек Сейдімбек велосипед жүргізу денсаулыққа пайдалы екенін, қалалар мен мемлекетерді аралау барысында дүниетанымы кеңейгенін атап өтті. Жиын соңында қарт жиһангез 65 жыл бойы жанына серік еткен велосипедін Қажымұқан музейіне өткізді.

Айта кетерлігі, қорға өткізілген велосипедпен спортшы бұған дейін қасиетті Мекке мен Мәдинаға, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне барған. Енді бұл велосипед құнды жәдігер ретінде жұртшылық назарына ұсынылатын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941739-81-zastagy-symkenttik-qariya-mekkege-teuip-bargan-velosipedin-murazaiga-tapsyrdy/