Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Абай" шахтасындағы жарылыс: Аман қалған кеншілер төтенше жағдайдың қалай болғанын айтып берді

Жарияланған күні:

Жарылыс
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

"АрселорМиттал Теміртауға" қарасты Абай шахтасындағы метан газы атылғаннан кейін жансақтау бөліміне түскен екі кеншінің беті бері қарады. Бір ажалдан аман қалған олар жарылыстың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Жатқан жерлеріміз бір жарым, екі метр болды, барлығымыз 8 адам, бір- біріміздің артымыздан жаттық. Бір-біріміздің түрімізді көрмедік, әрқайсымыз өз жұмысымызды істеп жатқанбыз. Тарс ете қалды, сосын түтін басып кетті, бітті. Шамдар сөнді, газдың иісі жоқ. Есімде, бірінші болып құлағам жоқ. Бірінші аяққа сосын бітті. Арғы жағын білмеймін", - деді кенші Жеңіс Маралбаев.

Элайдын Зейналов пен Жеңіс Маралбаевтың жансақтау бөлімінен шыққанына екінші күн. Есін жиып алған соң, алты әріптесінен айырылғандарын естігенде қатты қайғырған. Ал өздері бір ажалдан аман қалған.

Қазір ем-дом алып жатқан кеншілер жұмысқа жарамдылығы жөнінде медициналық комиссиядан өтеді. Жарамды деп танылсақ, тіршілік қамымен шахтаға қайта түсуден өзге амал жоқ дейді.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, 7 қарашада сағат 08.37-де Абай қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Абай КД шахтасында желдеткіш Штрек 3-К10 түбінде метан газының кенеттен шығуы орын алған еді.

Салдарынан оқиға орнында қалған сегіз қызметкердің алтауы қайтыс болды, екеуі зардап шекті.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қайтыс болғандардың отбасына 10 жылдық жалақы есебінде ақшалай көмек берілетінін мәлім етті.

Оқыс оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, әзірге нақты күдіктілер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1941846-abai-saxtasyndagy-zarylys-aman-qalgan-kensiler-totense-zagdaidyn-qalai-bolganyn-aityp-berdi/