"Әлі күнге дейін қасық ұстай алмайды": Түркістандық ана бес жасар баласы үшін көмек сұрады
Жарияланған күні:
Түркістандық Айгерім Дәрібаева бес жасар ұлын қатарға қосу үшін жанталасып жүр. Бес жасар Нұржігіт Тоқтарбай - жас отбасының тұңғыш баласы. Одан кейін екі жасар қарындасы бар. Мектепке баратын уақыты таяп қалған Нұржігіттің өз қатарлары секілді дамымай, әлі күнге дейін жөргекпен жүріп, қасық ұстай алмауы анасының жүрегін жаралауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Анасы Айгерімнің айтуынша, екі жасқа дейін Нұржігітте айтарлықтай ауытқулар болмаған. Тек туғанда билирубиннің шамадан тыс көптігі анықталған.
"Нұржігіт 2016 жылдың қыркүйек айында дүниеге келді. Перезентханада баламның билирубині 280-ге дейін көтерілген болатын. Бірден арнайы шамның астында баламды емге жатқызды. Кейін осы шамды жалға алып, емін жалғастырдық. Балам туылғанда тек денесінің сарғаюы болды, басқа жері ауырмады.
Екі жасқа дейін Нұржігіт барлық бала сияқты қалыпты дамыды. Тіпті, 3-4 сөз де айтып жүрген. Кейін оның барлығы жоғалып, айтқан сөзді түсінуден қалды. Екі жасынан бастап оның дамуы алға баспай, кері кетіп бара жатқанын байқадық. Жергілікті емханадағы невропотологке барғанымызда, ол баламда аутизм белгілері бар екенін айтты. Уақыт өте келе бұл дерт медицина жолымен ғана емделетіне көзім жетті", - дейді Нұржігіттің анасы.
Бүгінгі таңда Нұржігіт үш рет миға төменгі тоқтың күшімен нейрондарды оятуға бағытталған транскраниальді микрополизация процедурасын алған. Қазіргі уақытта фонематикалық есту қабілетін жақсартуға бағытталған томатистің бірінші процедурасын алып жатыр.
"Балам әлі күнге дейін жергөкпен жүреді. Күнде айғайлап, мазасызданады. Тамақты өз бетімен қасық ұстап жей алмайды. Түсінігі нашар және мүлдем сөйлемейді. Осы уақытқа дейін талай логопед, нейропсихологтар мен АВА-терапистрге апарып келдік. Нәтиже әлі шығар емес.
Нұржігітті апарып жүрген коррекциялық орталықта маман баламды Ташкентке апарып, емдеп көруімді ұсынды. Ташкентке бір барып емдетіп келу құны 400-500 мың теңгені құрап отыр. Ондай қаржыны табу біздің отбасыға қиындау болып отыр.
Өзіміз Нұр-сұлтан қаласында пәтер жалдап тұратынбыз. Қазір мен екі жылдан аса төркінімде, Түркістан қаласында өмір сүріп жатырмын. Ал жолдасым Нұр-сұлтан қаласында құрылыста жұмыс істейді. Осы орайда, барлық мейрімді жандардан балам үшін көмек сұраймын", - дейді Айгерім.
Нұржігітке көмек қолын созам деген жандар үшін реквизиттер:
Kaspi Gold: 4400430173296440
8 778 515 78 90
Айгерім Дәрібаева
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942127-ali-kunge-deiin-qasyq-ustai-almaidy-turkistandyq-ana-bes-zasar-balasy-usin-komek-surady/