Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдікінен кем емес: Отандық ғалымдар обырды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды

Жарияланған күні:

Зертхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ғалымдары жатыр мойны обырын кешенді диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды. Бұрын бұл сұйықтық елімізге Оңтүстік Кореядан келетін. Енді отандық маман бұл сұйықтықты өздері жасауды қолға алып отыр. Осы орайда, сапасы шетелдікінен кем түспейтін ерітінді туралы жоба жетекшісі Сана Қанатбекқызы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сана Қанатбекқызының сөзінше, сұйықтықты жасап шығаруға бір жыл уақыт кеткен.

"Оның ішіне бірнеше реогенттердің құрамы кіреді. Олардың концентрациясын белгілеп, тиімді қатынасын анықтау керек болды. Осыған 12 айдай уақыт жұмсалды. Ал тағы бір жыл уақыт патент алуға кетті", - дейді ол.

Жоба жетекшісі зерттеу жергілікті сауықтыру орталықтарының бірінің атқарушы директорының тапсырысымен осыдан 5 жыл бұрын басталғанын айтады.

"Еліміз осыған дейін биоматериалдарды талдауға және сақтауға арналған ерітіндіні тек шетелден алып келген. Ал бұл ерітіндінің маңызы өте жоғары. Кез келген талдаудан толыққанды нәтиже алу осы сұйықтықтың сапасына тікелей байланысты.

Ерітінді қатерлі ісікті диагностикалаудың ең негізгі құралы десек артық айтқандық емес. Бір ғажабы, біз дайындап көрген тұрақтандырушы ерітіндінің алғашқы құрамы бірден жақсы нәтиже көрсетті", - дейді Сана Қанатбекқызы.

Сонымен қатар, маман ерітінді сапасы жағынан шетелдік аналогтардан кем түспейтінін атап өтті. Ол енді медициналық шығындар азайып, мол қаржы елімізде қалатынына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942139-seteldikinen-kem-emes-otandyq-galymdar-obyrdy-diagnostikalauga-arnalgan-eritindi-zasap-sygardy/