RU

ШҚО-да жасөспірім қызды өлтіріп кетті: Полиция оның денесін іздестіруде

қыз1
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында кәмелет жасына толмаған қызды өлтіріп кетті. Осыған дейін анасы қызының жоғалғанын айтып, полицияға жүгінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел қалалық полиция басқармасына 13 қарашада жүгінген.

Полиция қызметкерлері аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы (көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Көп ұзамай полиция күдіктінің анықталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары, оның ішінде жасөспірімнің денесін іздеу және дәлелдерді жинақтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Тергеу бөлімі қажетті сот сараптамаларын тағайындаған.

Құзырлы орган бұл жайтқа қатысты басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942186-sqo-da-zasospirim-qyzdy-oltirip-ketti-policiya-onyn-denesin-izdestirude/