Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дені Қарағанды облысынан: Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Опубликовано:

Қаладағы көше көрінісі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 1058 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 126
  • Алматы қаласында - 119
  • Шымкент қаласында - 20
  • Ақмола облысында - 57
  • Ақтөбе облысында - 11
  • Алматы облысында - 60
  • Атырау облысында - 21
  • Шығыс Қазақстан облысында - 78
  • Жамбыл облысында - 13
  • Батыс Қазақстан облысында - 23
  • Қарағанды облысында - 135
  • Қостанай облысында - 98
  • Қызылорда облысында - 18
  • Маңғыстау облысында - 7
  • Павлодар облысында - 123
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 134
  • Түркістан облысында - 15.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 959 526-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2 298 адам індеттен жазылып шыққан.

17 қарашадағы мәлімет бойынша, қазір 32 622 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 611 пациент стационарда, 26 011 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

504 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 86 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942534-otken-taulikte-elimizde-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel