RU

Ақмола облысындағы ТЖ: Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы жаңа дерек шықты

Жарылыс
Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш адам мерт болып, 10 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген еді. Осы орайда өңірдің бас дәрігері Нариман Сыздықов зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нақтылған мәліметтерге сәйкес, төтенше жағдайдан 11 адам зардап шеккен оның бесеуі бала. Қазіргі уақытта төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Нариман Сыздықовтың айтуынша, дәрігерлер түні бойы зардап шеккендерді аудандық аурухана мен Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелеріне жеткізген.

Қазір елордадағы аурухананың жансақтау бөлімінде бір жарым және 4, 10, 12 жастағы төрт бала жатыр, олардың екеуі ауыр халде, дейді бас дәрігер.

Жеңіл күйік шалған тағы бір жасар бала басқа ауруханаға жатқызылған.

Сонымен қатар, жансақтау бөлімінде екі ер адам жатыр.

Ал қаза болғандарға келсек, олардың арасында 2017 жылы туған бала мен 1988 және 1987 жылғы екі әйел бар.

Қазір оқиға орнында тексеру жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, үш адамның өмірін жалмаған қайғылы жағдай 16 қарашада Ақмола облысының Шортанды кентіндегі Линейная көшесінде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942570-aqmola-oblysyndagy-tz-qaza-tapqandar-men-zardap-sekkender-turaly-zana-derekter-syqty/