"Көшеге шықпаған дұрыс": Таразда жойқын дауыл тұрып, қаланың астаң-кестеңін шығарды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Таразда бүгін қатты жел тұрып, салдарынан үйлердің шатырлары ұшып, ағаштар құлап, қоғамдық көлік аялдамалары қираған. Кей қиылыстарда бағдаршамдар істен шыққан. Осы орайда тұрғындарға аса қажет болмаса көшеге шықпауға кеңес беріліп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Тараздағы жойқын дауылдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Табиғаттың мұндай тосын мінезінен қала жолдарында көлік қозғалысы да қиындаған.
Тараз полицейлері ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарын аса қажет болмаса көшеге шықпауға кеңес береді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне аса қажет болмаса жолға шықпауды сұрайды.
Айта кетейік, 15-18 қараша аралығында Жамбыл облысында дауылдық ескерту жарияланған болатын. Тұрғындарға желдің күші 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін екені, сондай-ақ қалың қар жаууы ықтимал екені ескертілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942596-kosege-syqpagan-durys-tarazda-zoiqyn-dauyl-turyp-qalanyn-astan-kestenin-sygardy-foto-video/