Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шортандыдағы жарылыс: Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Тжд
Оқиға орны. Видеодан кадр: Ақмола облысы ТЖД

Шортанды ауылында газ баллоны жарылып, үш адам қайтыс болды. Тағы 11 адам зардап шеккен болатын. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігінен (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) 292-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) ауыстыра отырып, сотқа дейінгі тергеу бастаған.

ӨКҚ өткен брифингте қайғылы оқиға болар күні бір қабатты үйдегі үш пәтердің біріне қонақтар келгені хабарланды. Үйге сырттан газ баллонын кіргізген, дәл сол баллон жарылған.

Ақмола облысы полиция департаментінің ақпаратынша, 16 қарашада сағат 22:45-те өрт сөндіру бөлімінің кезекшісінен қоңырау түскен.

Ол Шортанды ауылында үш иесі бар жеке тұрғын үйдің жанып жатқанын айтқан. Алдын ала болжам бойынша өрт газ баллонының жарылуынан болғаны анықталды.

Айта кетсек, төтенше жағдай орнынан екі әйел мен төрт жасар баланың денесі табылды. Тағы 10 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Біреуі үйге қайтарылып, қалғаны емдеу мекемесіне жатқызылды. Оқыс оқиғадан 5 бала зардап шеккен, оның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуінің жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942641-sortandydagy-zarylys-qaigyly-oqigaga-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/