Бір миллион теңге жалақы сұраған танымал журналист жаңа жұмыс тапты
Жарияланған күні:
Көпшілік көрерменге «Қалаулым» шоуы арқылы танылып, кейін бірқатар ток-шоуларда қызмет еткен Айдос Игіліков өзінің жаңа қызмет тапқанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Айдос Түркістандағы жергілікті телеарнада қылмыс хроникасын жүргізу туралы ұсынысты қабыл алған.
Айта кетелік, Айдос өзінің шулы мәлімдемелерімен танымал. Жақында ол телеарнада жұмыс істеу үшін өзіне бір миллион теңге талап еткен болатын.
Көпшілік оның бұл ұсынысын қисынсыз санаса, кейбір оқырмандар отандық арналарда мұндай қаражат табу қиын екенін айтқан.
Алайда, Айдос Игіліков мұндай ұсынысты қабылдау үшін қомақты қаражат талап ететінін жасырмады.
Еске сала кетсек, бұған дейін журналист күйзелістен шығуына әкімнің көмектескенін айтып, елді таң қалдырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942683-bir-million-tenge-zalaqy-suragan-tanymal-zurnalist-zana-zumys-tapty/