Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда вакцина алмаған студенттердің университетке кіре алмай жүргені рас па

Жарияланған күні:

Білім
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда коронавирусқа қарсы екпе алмаған студенттерді оқудан шығарамыз деп қорқытып жатқаны рас па? Студенттердің сөзінше, қарашадан бастап Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебесі барлар ғана сабаққа қатысқан. Ал "көк" мәртебесі бар үш мың студентке дәрістерге баруға тыйым салынды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Сабаққа қатыспай жүрген студенттер көп, бірақ неге екені белгісіз, көбісі үндемейді. Міне, біз университет басшылығының істеп жатқанына наразы топты жинадық, Бұлар күрескісі келеді", - дейді бір студенттің анасы Марина Павловей.

Студенттердің ата-аналары университет басшылығынан нені негізге ала отырып балаларын сабаққа қатыстырмай жатқанын бірнеше рет білгісі келген.

Олардың сөзінше, облыстың санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысында "көк" мәртебесі бар студенттерді жоғарғы оқу орнына кіргізуге тыйым салатын тармақ жоқ.

Деканат ата-аналармен де, студенттермен де сөйлесуден бас тартты. Алайда олар алған беттерінен қайтпайтындарын жеткізді.

Наразы топ білім және ғылым министрлігіне шағым дайындауда.

Ақырында университет басшылығы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде 5 мыңнан астам студент пен оқу орнының ұжымы коронавирус инфекциясына қарсы екпе алған. Жоғарғы оқу орны екпе алған азаматтардың денсаулығына қауіп төндіргісі келмейтінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, университет студенттерге алдын ала екпе алу керектігі туралы ескертілгенін айтты.

"Қазақстан Республикасы "Денсаулық туралы" кодексінің 80-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз денсаулығына қамқорлық жасауға, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапкершілікті сақтауға міндетті", - деп түсіндірді Шахмардан Есенова атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің маркетинг және коммуникациялар кафедрасының меңгерушісі Жансая Смағұлова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942721-aqtauda-vakcina-almagan-studentterdin-universitetke-kiri-almai-zurgeni-ras-pa/