Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан экономикасында 5 жылда не өзгереді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев сенаттың жалпы отырысында алдағы 5 жылдағы ел экономикасына болжам жасады деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9% деңгейінде болжанып отырғанын жеткізді.

"Бұл көрсеткіш 2026 жылы 5,2 пайызға дейін жетеді. 5 жыл аралығында жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 4,8 пайызды құрайды, - деді министр.

Ерғалиевтің сөзінше, экономиканың сапалы өсуінің негізгі драйверлерінің бірі және оның тұрақтылығының негізгі факторы - шикізат емес сектор. Өңдеу өнеркәсібі орташа алғанда 4,1% деңгейінде өсіп, тау-кен өндіру өнеркәсібінің өсу қарқыны 3,9%-ды құрайды.

"Алдағы жылы мұнай өндіру көлемі 87,9 млн тоннаны құрап, 2026 жылы 107,4 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Мұнай өндіру көлемінің өсуі 2023 жылы Каспий құбыр консорциумы қазақстандық учаскесі бойынша қуатын арттыру есебінен күтіліп отыр. Сонымен қатар орташа жылдық өсім ауыл шаруашылығында 5 пайызды, құрылыста – 3,9 пайызды құрайды. Ал қызмет көрсету өндірісі орташа алғанда 5,4 пайызға өседі, - деді ол.

Ерғалиев келесі жылы номиналды жалпы ішкі өнім 87,1 триллион теңгені, ал халықтың жан басына шаққандағы көлемі 10,7 мың долларды құрайтынын алға тартты.

Оның дерегінше, осы көрсеткіштер 2026 жылы 119,9 триллион теңгеге және 14,2 мың долларға дейін өседі.

Сонымен қатар 2022 жылы тауарлар экспорты мен импорты 60,1 және 40,8 миллиард долларға сәйкес деңгейінде болжанып отыр. 2026 жылға дейін 79,8 және 43,4 миллиард долларға дейін ұлғаяды.

Министр сауда балансының сальдосы 19,3 миллиард доллардан 36,4 миллиард долларға дейін өсетінін сөз етті

Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі келесі жылы 4-6% деңгейінде сақталады, дейді Ерғалиев. 2023-2024 жылдары – 4-5 пайыз, 2025-2026 жылдары – 3-4 пайыз аралығында анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942778-qazaqstan-ekonomikasynda-5-zylda-ne-ozgeredi/

pixel