Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жасар баласы аш": Павлодарда есірткі шегетін 30 жастағы келіншек көршілерін шошытып отыр

Жарияланған күні:

Павлодар тұрғыны
Павлодар тұрғыны: pavlodarnews.kz

Павлодар тұрғындары 30 жастағы көрші әйелдің үстінен тәртіп сақшыларына арызданған. Шағымда «жақында балалы болған жас ана есірткі пайдаланады» делінген. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Күн сайын полицияға көршілерінің өміріне бей-жай қарамайтын тұрғындардан жиі қоңыраулар келіп түседі. Мәселен, 15 қараша күні полицияға Бұқар жырау көшесіндегі 2-үйдің тұрғындары хабарласқан. Айтуларынша, жас босанған ана есірткі заттарын тұтынады.

Осы шақыру бойынша Павлодар қаласы орталық полиция бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері жедел тергеп-тексеруге шыққан.

"Тексеру көрсеткендей, аталған мекенжайда 30 жастағы әйел әкесімен және әжесімен тұрады. Әйелдің екі айлық баласы бар. Тексеру кезінде антисанитария жағдайындағы пәтерде заттар шашылып жатқан, кішкентай баланың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалмаған. Көршілердің айтуынша, ол баланы тәрбиелеумен айналыспайды. Бала лас, күтімсіз, аш болған. Сондықтан, бала "Облыстық балалар үйі" мемлекеттік мекемесіне орналастырылды. Қазір бала бақылауда", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, 30 жастағы әйелге қатысты материал кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады. Онда әйелді ата-ана құқығынан шектеу туралы мәселе қаралады.

"Қазіргі таңда сәбиінен тірідей айрылған ана өзінің әрекетін түсініп, өмірге, балаға деген көзқарасы мен мінез-құлқын өзгертуге тырысар деген сенімдеміз. Ол үшін 3 ай ішінде әйел жұмысқа тұрып, тыйым салынған заттарды қолданбауға, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын ретке келтіруге, баланың тұруы үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті", - деді полиция департаменті баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942878-eki-zasar-balasy-as-pavlodarda-esirtki-segetin-30-zastagy-kelinsek-korsilerin-sosytyp-otyr/