"Өмірі қыл үстінде": Ауыр дертке шалдыққан 1,5 жастағы тараздық сәбидің ата-анасы жұмада елден жылу сұрады
Жарияланған күні:
Небәрі бір жастан асқан Айсезім Еркінге дәрігерлер аты жаман ауру 1 типті СМА диагнозын қойып отыр. Дүниеге кеше ғана келген сәби өмірінің соңғы 6 айын аурухана төсегінде өткізуде. Өздігінен анасын құшырланып еме алмақ түгілі, сәбидің жай ғана дем алуының өзі мұң. Айсезімнің ата-анасы кішкентай бүлдіршіннің дертіне шипа болар құны 1 миллиард теңге тұратын дәрілік препаратқа зәру, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айсезім тыныс алуы үшін дәрігерлер тамағын тесіп, түтікше өткізіп қойған. Өкінішке қарай сәбидің жұтыну рефлексі де жоғалған. Сол себепті Айсезімге сұйық тамақты мұрны арқылы өткізілген түтікше арқылы беріп келеді. Оның үстіне күн өткен сайын дерті меңдеп, жұлын-бұлшықеті семіп жатыр.
Ата-анасы Айсезімнің денсаулығындағы кінәратты 3 айында алғаш байқағанын айтады. Нәрестенің мойнын ұстай алмауы, қол-аяғының бос болуы, икемге келмеуі күдікті одан әрі күшейткен. Ал дәрігерлер ауруды нақтылап, диагнозын қойғанша тағы 4 ай өткен.
Сәбиінің өмір үшін арпалысқан жас отбасы оларға ауадай қажет дүниедегі жалғыз дәрі - Zolgensma препаратын сатып алу үшін елден жылу жинап шарқ ұруда. Аталмыш препараттың 1-ақ құтысы қажет. Оның құны - 1 миллиард теңге. Zolgensma препаратын өндірушілер СМА дертіне шалдыққан балаға дәрілік затты тек 2 жасқа дейін қолдануды ұсынады.
"Айсезімнің өмірлік уколына ақша жинау жай да болса жалғасуда. 2021 жылдың 20 наурызында тәуекелге бел буып, сбор аштық. Қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз. Әрбір минут, әрбір секунд бізге қымбат болып тұр. Қызымыздың өмірі қыл үстінде. Біз үшін барлық көмек маңызды. Ақшалай, ақпараттық көмекке мұқтажбыз. Көп болып Айсезімнің өмірін аман алып қалайықшы", - дейді Айсезімнің анасы Салтанат.
Бастысы, ерлі-зайыптылар кішкентай қызының аяққа тұрып кететіне сенеді. Олар осы күнге дейін Айсезімге жанашыр болып, көмек беріп жатқан барша қазақстандықтарға алғысын да айтты.
Дәл қазір Айсезімнің шотында 371 млн 101 мың теңге бар. Бұл жалпы соманың 37 пайызы. Енді 628 миллион теңге жиналуы қажет.
Төменде Айсезім Еркінге қаржылай қолдау көрсетуге қажетті реквизиттер көрсетілген.
АО Kaspi Bank 5169 4971 1082 8039 +7 707 681 93 08 Салтанат Р. (анасы) ИИН 950715401158 Saltanat Rakhmatilakyzy
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942984-omiri-qyl-ustinde-auyr-dertke-saldyqqan-15-zastagy-tarazdyq-sabidin-ata-anasy-zumada-elden-zylu-surady/