Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарындасын құтқармақ болған": Жарылыстан денесі күйіп қалған 11 жастағы спортшы жансақтау бөлімінде жатыр

Жарияланған күні:

Оразалы Жарқынбек
Оразалы Жарқынбек: Instagram

16 қараша күні Ақмола облысының Шортанды ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір отбасынан екі адам қайтыс болды. Ал муай-тайдан еліміздің ең жас чемпиондарының бірі, 11 жастағы Оразалы Жарқынбек кішкентай қарындасын құтқарамын деп, ауыр күйік жарақатын алған. Бүгінде Оразалының өзі, әкесі және тоғыз жасар қарындасы Нұр-Сұлтан қаласында жансақтау бөлімінде жатыр. Ал анасы мен төрт жасар қарындасы оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оразалы 8 жасынан бері Шортанды ауданында муай-тай спортымен шұғылданған. Өз қатарластары арасында қала, облыс және республика чемпионы атанған жас спортшының отбасы қапелімде қара жамылды.

16 қараша күні газ баллоны жарылып, Оразалының анасы мен қарындасы көз жұмды. Спортшының жеке бапкері Жандос Есенамановтың айтуынша, ол өте талантты және алғыр спортшы ретінде көзге түскен.

"Кішкентайымнан көз алдымда өсіп келе жатқан бала. Газ баллоны жарылып, шұғыл ауруханаға түскенде ол сөйлеп жатқан. Дәрігерлердің айтуынша, алдымен Оразалыны әкесі далаға алып шыққан. Бірақ ол қайтадан әкесімен бірге үйге кіріп, бір жарым жастағы інісін алып шығады. Кейін қарындасын алып шықпақ болғанда, үйдің ағаштары құлап, соның астында қалып қойған. Оразалының әкесі 1987, анасы 1989 жылғы. Әкесі өзімнің құрдасым еді. Бүгінде үшеуінің де жағдайы ауыр. Осы орайда, ауыр қайғыға душар болған шәкіртімнің отбасы үшін көмек сұраймын. Олар қазір елордада жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді спортшының бапкері Жандос.

Спортшының ағасы Бақытбектің айтуынша, Оразалы мен оның 9 жасар қарындасы Нұр-Сұлтандағы №1 балалар ауруханасында, әкесі №2 қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер үшеуінің де жағдайын ауыр деп бағалауда.

"Ең кішкентай бір жарым жастағы баланың денесін 15-20 пайыз күйік шалған екен. Бүгінде оны палатаға ауыстырды, қасында туысқанымыз бар. 9 жасар қыз баланың денесін 95 пайыз күйік басты деп ақпарат берді. Тыныс алу жолдарының 20 пайызы күйіп кеткен. Оразылының денесін 70 пайыз күйік шалған, ішкі құрылысына зақым келген. Әкесіне 60-70 пайыз күйік шалды деген диагноз қоюда. Бүгінде оларды аман алып қалу үшін қыруар қаражат керек болып жатыр. Айтпай келген апаттан кейін халықтан көмек сұраймыз. Өкінішке қарай, анасы мен 4 жасар қарындасы көз жұмды. Бұл біздің отбасымыз үшін ауыр қайғы",- деді Бақытбек.

Оразалы Жарқынбекке көмектесем деушілер үшін реквизит:

Kaspi Gold: 8 778 767 93 48, Бақытбек Нұранбаев, ағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943024-qaryndasyn-qutqarmaq-bolgan-zarylystan-denesin-kuiik-salgan-11-zastagy-sportsy-zansaqtau-boliminde-zatyr/