Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барахолкадағы" саудагерлердің шағымын сарапшылар талқыға салды

Жарияланған күні:

Abai.kz
Фото: Abai.kz

Алматыдағы «Рахат» базарына қатысты заңгерлер арнайы жиын өткізіп, ондағы жер телімі туралы ой-пікірлерін ортаға салды деп хабарлайды Abai.kz.

Бүгінде базардағы 300-ге жуық кәсіпкер президенттен көмек сұрап, өз құқықтарының қорғалуын талап етуде.

Заңгерлер базардағы жер санитарлық-қорғау аймағында орналасқанын, қала аумағында өндіріс құрылысын салу үшін конкурс жариялау қажеттігін, аймақтық үйлестіру кеңесі ғана жобаны инвестициялық деп танып, мемлекет тарапынан грант ретінде ғана жерді беру керек деп санайды.

Жер саласындағы заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша, олар бірнеше рет сотқа арыз берген. Алайда, белгісіз жағдайларға байланысты іс қайта келіп отырған.

«Біз бұл жерде бостан-бос шырылдап отырған жоқпыз. Біз 300-ге тарта шағын кәсіпкердің мұңын жоқтап отырмыз. Олар салық төлеп отыр. Дамыған елдерде шағын және орта бизнес экономиканың негізі. Шағын және орта бизнесті қолдаушы күші мемлекет болуы тиіс», - дейді Базарбек.

Қазіргі таңда кәсіпкерлер өз істері тоқтап қалмауы үшін билік өкілдерінен көмек сұрауда.

Айта кетерлігі, «Жерді жалға алған жаңа компания ескі базарды сүріп тастап, орнына жиһаз фабрикасын салмақ», деп шырылдаған саудагерлер өз наразылықтарын білдіріп, митингке де шыққан. Бұл қоғамда қызу талқыға да түскен.

"Бұзылған заң нормаларын шексіз тізіп бере аламын" деген адвокат 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін қабылданған шешімдер заңсыз жасалғандықтан қайта қаралуы керек деп есептейді.

"Заңсыз шешімдерден зардап шеккен адамдар тіпті өздерінің құқығы бұзылғанын білмейді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943079-baraxolkadagy-saudagerlerdin-sagymyn-sarapsylar-talqyga-saldy/