Алдағы күндері елімізде 23 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде
Жарияланған күні:
Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, 23-25 қараша аралығында Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болып, қар түрінде жауын-шашын түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде -2-10 градустан -18-23 градусқа дейін аяз болады. Ал күндіз -5 градустан -5-15 градусқа дейін аяз күтіледі.
Орталықта және шығыста түнде 0-8 градус аяз, күндіз -3 градус пен +3 градус арасында құбылмалы болады.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -6 градус аяз бен +3 градус, күндіз +9-17 градус жылы болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943297-aldagy-kunderi-elimizde-23-gradusqa-deiin-ayaz-bolady-dep-kutilude/