Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы үш бала мен келіншектің өлімі: Оқиғаға қатысты жаңа дерек шықты

Жарияланған күні:

Терезе
Көрнекі фото: vsluh.ru: UGC

Үш баласымен терезеден секіріп кеткен Алматы тұрғыны туралы оқиға куәгерлері айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда 28 жастағы келіншек үш баласымен тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кеткенін жазған едік.

Оқиға Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайын анықтау үшін полиция департаменті жедел-тергеу тобын құрды.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Көршілерінің айтуынша, жас келіншек осы үйде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрған.

"Ол үнемі балалармен аулада серуендеп жүретін. Оның екі қызы мен бір ұлы болды. Кенжесі үш жаста еді. Қарапайым отбасы сияқты көрінетін", - дейді қайғылы оқиға болған үйдің тұрғыны.

Оқиға куәгері қайғылы жағдайдың таңертең болғанын айтады.

"Өте қорқынышты. Балаларға обал болды. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамыз", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943322-almatydagy-us-bala-men-kelinsektin-olimi-oqigaga-qatysty-zana-derek-syqty/