Алматыдағы үш бала мен анасының өлімі: Суицидтің алдын-ала себептері айтылды
Жарияланған күні:
Алматыда үш баласымен тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен келіншектің неліктен бұндай қадамға баруы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізінде жұбайымен болған жанжал. Өлім алдындағы жазбасы бар. Басқа да мән-жай анықталуда", - делінген полиция хабарламасында.
Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда 28 жастағы келіншек үш баласымен тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кеткенін хабарлаған едік.
Оқиға Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайын анықтау үшін полиция департаменті жедел-тергеу тобын құрды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1943379-almatydagy-us-bala-men-anasynyn-olimi-suicidtin-aldyn-ala-sebepteri-aityldy/